Лагерьдегі қызықты күн
13 шілде «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының «Салауатты өмір салтын насихаттау» бағытындағы ІІІ - ауысымы басталды. Бірінші күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушыларының өздерін жан-жақты, тереңірек ашуына бағыт-бағдар беру, демалушылардың бір-біріне деген көзқарастарын қалыптастыру,қабілетін танытуға көмектесу мақсатында «Лагерьдегі қызықты күн» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтте «Алақан» әдісі қолданылды. Бұл әдіс бойынша балалар алақандарына аттарын жазып, бір – бірлеріне береді. Сонымен бірге, топ атауымен, ұранымен таныстырылды. Қорытындысында «Менің өзіме тілерім және сендерге айтарым» әдісі арқылы қабырғаға шуақсыз күн ілініп, әр қатысушыға күннің шуақ шашар қағаздары ұсынылды. Әр қатысушы тілектерін жазып, ілді.