Сүйікті, Ару Астана!

Сүйікті,  Ару Астана!

3 шілде күні  «Балдәурен»  жазғы сауықтыру орталығында  Астананың  туған күніне  байланысты   «Сүйікті, Астанам саған арналады»  тақырыбы аясында  концерттік бағдарлама  өтті.  Алдымен  балалар  Астана тарихы туралы  бейне - фильм  тамашалады.  Елордамыздың туған күніне  орай балалар  өлең  шумақтарын  оқыды.  «Астана қаласына іссапар»  сахналық көрінісін  қойды.   Бұл көрініс бойынша  балалар сырттан келген достарын   Бас қаламыздың  ерекше,  әдемі жерлерімен таныстырды.  Сонымен  бірге,  бимен, әнмен  жалғасын тауып жатты.   Соңында  Қанатбекова Аяулымның  орындауында  «Елімнің  жүрегі Астана»  әнімен  қорытындылады.