Размер шрифта:

Халық педагогикасы арқылы көптілді және этномәдениетті тәрбие беру

Халық педагогикасы арқылы көптілді және этномәдениетті тәрбие беру

        15.05.2015 күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ 2012-2015 оқу жылдары арасында мектепке дейінгі тәрбиеде «Халық педагогикасы арқылы көптілді және этномәдениетті тәрбие беру» тәжірибелік эксперименттік бағдарламасы бойынша  жүргізілген жұмыстың  қорытынды кезеңі болғандықтан қалалық деңгейде семинар өткізілді.Ағылшын тілі маманы Сартаева А.Т мектеп жасына дейінгі дамытушы топ  балаларымен «Үй жануарлары» тақырыбында «Мақта қыз бен мысық»ертегісін ағылшын тілінде сахналық қойылымын көрсетті. ҚазқстанХалықтар Ассамблеясының 20 жылдығына  арналған «Бәріміз біргеміз, бөлінбейді іргеміз»атты ертеңгілік өтті. Семинарда үштілділік арқылы балаларға тәрбие беру, қазақша орысша және ағылшынша тілдерін  үйрену туралы салыстырмалы түрде ақпарат ұсынылды.