Размер шрифта:

9 мамыр «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына» арналған іс- шаралар ақпараты

9 мамыр «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына» арналған  іс- шаралар ақпараты

Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке Отанын сүюге, оны қорғауға баулу; Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру.

04.05.2015ж.  күні  дүйсенбілік саптық жиында тәрбие ісінің орынбасарлары Б.М. Абылайханов пен И.Ж. Жуматова мектеп оқушылары мен ұстаздарды                9 мамырға құрылған іс- шаралар жоспарымен таныстырды. Мектеп ауласында мерекелік тақырыпты ашатын баннер ілінді.

04.05-.09.05.2015ж.  күндеріаралығында мектеп-лицейіміздің кітапханасында «Өшпес ерлікке- мәңгі тағзым» атты  кітаптар көрмесі қойылды.

04.05.-08.05.2015ж. күндеріаралығында апталық 7Ә кезекші сыныбы радиотораптан «Мәңгі өшпес тұлғалар» тақырыбына Балқаштық бес батыр жайлы мәліметтер оқыды.

04.05.-08.05.2015ж. күндеріаралығында мектеп- лицейдің халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры  Сағадат Нұрмағанбетұлы Қожахметов атына құрылған «Ерлік залында» «Ұлы Жеңіс батырлары» атты бейнероликтер қойылды.

04.05.2015 ж. күнісынып бөлмелерінде «Бәрі де Жеңіс үшін...» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді.

05.05.2015ж. күніөтілген Қ. Нұржановтың шығармашылығанан қалалық мәнерлеп оқу сайысы болды. Мектеп- лицейдің 8Ә сынып оқушысы Г.А.Серикованың жетекшілігімен Мурзабекова Лаура «Жалын» номинациямен марапатталды.

05.05.2015.ж. күніоқушылардың патриоттық рухын оятып, мектеп шақтан әскери тәртіп пен жоғары жаупкершілікке бейімдеу мақсатында Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына арналған ҮІІ дәстүрлі «Жас Ұландар» шеруі байқауы болды. «Сапта жүріп ән айту» ұландар шеруінде құттықтау сөз мектеп- лицей директоры Қ.Ш Дүбірбековаға  берілді. Байқауға Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскері Ф.М. Рахимов, №31765 әскер бөлімінің капитаны А.Е.Укенов, №31765 әскери бөлімінің кіші сержанты Д.Н.Қарабеков қатысты. Байқау қорытындысы бойынша: І орын 5Г сыныбы, ІІ орын 7В сыныбы, ІІІ орын 6Ә сыныбы иеленсе, 8Ә сынып оқушысы Мурзабекова Лаура «Ең үздік командир» номинациясымен  марапатталды.

06.05.2015ж. күні«Жеңіс күніне» және «Отан қорғаушылар» күніне орай ұйымдастырылған  салтанатты саптық жиын өтті. Мектеп- лицей директоры Қ.Ш. Дүбірбекова 9 мамыр Жеңіс күніне және 7  мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне арнап құттықтау сөз сөйледі.Қыз балалар хоры патриоттық ән орындаса, 5-6 сынып оқушыларынан құралған хор «Кино идет» әнін орындады. Ал, 6Ә сынып оқушысы Ұзақбай Балғын «Ана туралы баллада» әнін шырқады. «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары тақырыптық үгіт насихаттарын айтып берді.

06.05.2015ж. күніОқушылар сарайының ұйымдастыруымен қалалық «Соғыс кезеңінің әндері» фестивалі өтті. Мектеп- лицейіміздің 5-6 сынып ұлдарынан құрылған хор Н.Наурызбаевтың жетекшілігімен «Кино идет» әнін орындады. Бұл шараға 7А сынып оқушыларын «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі                              М. Мухаметжанова апарды. Ал, 5Б сынып жетекшісі М. Қадырбекова тыл еңбегінің ардагері М.Окубаевті мерекелік шараға алып келіп, концерттік бағдарламаны көрсетіп, гүл шоғын беріп, үйіне апарып салды.

07.05.2015 ж. күнімектеп- лицейдің 8 сынып оқушылары қала әкімшілігінің қатысуымен «Достық» эстафетасына қатысып,   дәстүрлі 58-ші қалалық қол жалғау марафонын ашты. Қол жалғауға  ұлдар, қыздар командасы қатысып, бұл шарадан да тыс қалған жоқ.

08.05.2015ж. күні№1 орта мектепте Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған Балқаш қаласының Қазақстан журналистер одағының мүшесі, журналист Т. Григорьеваның Балқаш қаласының ардагерлері туралы  кітабының тұсаукесері болды. Бұл шараға Балқаш қаласының әкімі, орынбасарлары, Балқаш қаласы білім бөлімінің мамандары, ардагерлер және қалалық зиялы қауым өкілдері қатысты. Біздің мектеп- лицейімізден директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Ж.Жуматова мен ккітапхана меңгерушісі Г.Т. Башарова барып қайтты. Жиналған қауымға автор қолтаңбасын беріп, кітабын ұсынды.

08.05.2015ж. күні  А.Т. Садвакасова 9 сынып оқушыларымен бірге «Мысшылар сарайында» Ұлы Отан соғысы туралы фильм көріп қайтты.

09.05.2015ж. күнімектеп әкімшілігі мен мұғалімдері «Жеңіс күніне» арналған шеруге біздің мектеп- лицейден 20 мұғалім, 60 оқушы шықты.

5А және 7В сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге арнайы костюмдерін киіп, өз аталарының суреттерін қолдарына ұстап шеруге қатысты.

8- 9 сынып ұл балаларынан құралған 6 оқушымыз  тәлімгер М.Мухаметжановамен бірге «Балқаш ерлерінің рухтарына тағзым» ескерткішінің қасынғы мәңгілік алаудың  тұрды.

Мектеп –лицейіміздің 10-11 сынып оқушылары, ұстаздармен бірге  «Мәңгілік отқа» барып, гүл шоқтарын қойып «Ерлікке тағзым» етіп, мерекелік концерт көріп, қалалық шараның куәсі болды.  Естелік суреттерге түсті.

10.05.2015 ж. күні 10 сынып оқушыларыҚазақстан Қарулы күштеріне 23 – жыл толуына, және Ұлы Отан жеңісінің 70 жылдығына арналған «Сап түзеу және ән айту» байқауына қатысып «Үздік сапта жүру» номинациясымен марапатталды.