Размер шрифта:

1 мамыр «Ынтымағы жарасқан бақ, береке қонған - Қазақстаным» атты іс-шаралар туралы ақпарат.

1 мамыр «Ынтымағы жарасқан бақ,  береке қонған - Қазақстаным» атты  іс-шаралар туралы ақпарат.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттық рухқа тәрбиеліп, көп ұлтты Қазақстанның ұлттық татулықтың маңызын түсіндіру.

20.04.2015ж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  мұғалімдер мен оқушыларды 1 мамыр мерекесіне арналған «Ынтымағы жарасқан бақ, береке қонған - Қазақстаным» атты іс- шаралар  жоспарымен таныстырды.

21.04.2015 «Достығымыз жарасқан» «Таңшуақ» шағын орталығында Ж.Болат, Ж.Ташенова, Г.Нұрғазы, Б.Жахметова ұйымдастыруымен ортаңғы топта ертеңгілік өтті.Балалар құстар биін билеп, өледерін оқып, әндерін шырқап, әр ұлттың ойындарын ойнады. Балалар мерекеде белсенділік танытты.

21.04.2015ж «Таңшуақ» шағын орталығының кіші тобында«Дос болайық, бәріміз!»деген атпен ойын- сауық бағдарламасы болды.

22.04.2015ж даярлық топтарында «Бәріміз біргеміз, бөлінбейді іргеміз» атты А.А.Адамкулова, А.С.Қаппарова, Г.Нұрғазы, Б.Жахметованың ұйымдастыруымен  ертеңгілік өтті.

23.04.2015ж мектеп- лицейіміздің 1, 3 қабаттарында 7-8 сыныптар арасында «Балқаш қаласы- көп ұлттың мекені» тақырыбында бейнефильмдер көрсетіліп, радиотораптан ақпараттар берді.

27-29.05.2015ж Қ.Б.Тайжанова, Д.М.Тулкина басшылықтарымен  «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстаным» тақырыбында 5-6 сыныптар шығармалар жазды. 

27.05.2015 күні 1-11 сыныптар арасында «Ынтымақ – достық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сонымен қатар 5-6 сынып оқушылары арасында мектеп-лицейдің бейнелеу пәні мұғалімі Адайбекова Ж.К. үйымдастыруымен сурет көрмесі қойылды.

29. 04.2015ж дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері С.А.Алимбетова мен Е.Қ.Түсіпбаев «Біздің күшіміз - бірлікте» тақырыбында спорттық ойындар ұйымдастыр өткізді.

1 сынып жетекшілері30.04.2015ж.  «1 мамыр-  Бірлік күніне» орай мектеп- лицейімізде саптық жиын болды.  Жиында мектеп- лицейіміздің директорының тәрбие- ісі жөніндегі  Б.М.Абылайханов құттықтап, 7 «Ә» сынып оқушысы Жаппарова Мадина ән айтты. 3 сыныптардан құралған «Жас Қыран» үгіт-насихат тобы өлеңдерін оқып, 4Ә сынып оқушысы Әлібай Мадинаның әнімен аяқталды. ІІ ауысымныың 5 сыныптардың үздік, озат оқушылары «Жас Ұлан» ұйымы қатарына өтті.

1 мамыр күні  10 сыныптың 20 оқушысы және мектеп-лицейдің 15 мұғалімі «Бірлігіміз жарсқан» атты қалалық шеруге қатысты.

1 шаңырақ астында атты қалалық оқушылар шығармашылығынан қойылған қойылымға оқушылар мектеп-лицей тарапынан, сонымен қатар қосымша білім беру мекемелері тарапынан яғни «Оқушылар сарайы», «Өнер мектебі» тарапынан белсене қатысты. Сонымен қатар 5Ә сынып оқушысы Батырбекқызы Раушан қалалық деңгейде өткен өткен «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды.

8-10 сынып оқушыларынан құралған мектеп-лицейішілік «Назғұмыр» би ұжымы «Әлем халықтарының биі» байқауна қатысып «достық» биін билеп үлкен қошеметке ие болды.

Сонымен қатар «Балқаш қаласының мәдениет және тілдер орталығы» мемлекеттік мекемесінің дипломымен марапатталды. Жетекшісі Үсенбекова Н.С.

Сонымен қатар 1 мамыр күнгі 15.00 де Ағыбай батыр ескерткішінің қасындағы «Мен, сен, ол және олар» атты асфальтқа сурет салу байқауында 4 сынып оқушылары қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілері4 сыныптың сынып жетекшілері Сейткалиева С.Н., және Рахимбекова К.О.