Размер шрифта:

Саяхат сабақ

Саяхат сабақ

27 - сәуірде  2-сыныптар  қаламыздың көрікті жерлеріне қалаға саяхат жасады.  Қаламыздың төрінде орналасқан Тәуелсіздік алаңындағы қаламыздың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында орнатылған қола Ағыбай батыр ескерткішімен, Қараменде би ескерткішімен сонымен қатар репрессияға ұшыраған азаматтарға қойылған ескерткішпен танысты. Әлемді домбырамен танытқан Мағауия Хамзин ескерткішін тамашалап, қалалық саябақта әр түрлі ойындар ойнады. Осы саяхатқа ризашылық пікірлерін білдіріп, бүгінгі күннің  қызықты өткендігін айтты. Саяхаттың көңілді өтуіне 2 А, 2 Ә, 2 Б, 2 В, 2 Г сынып жетекшілері атсалысты. Оқушылар қала туралы көп мағлұматтар алды.