«Қалқан» әскери- спорттық жарысы

«Қалқан» әскери- спорттық жарысы

15.04.2015 күні «Балқаш қаласының №15мектеп- лицейі» КММ-нің ұйымдастыруымен оқушылардың патриоттық- спорттық, отансүйгіштік рухын ояту әскери тәртіпке бейімдеу мақсатында Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына арналған қалалық деңгейде №2 мектеп- интернатында«Қалқан» әскери- спорттық жарысы өтті. Жеңімпаздарды анықтау үшінқалалық білім бөлімінің әдіскері Ф.М. Рахимов, №31-765 әскери бөлім капитаны А.Е.Укенов, ауған соғысының ардагерлері М.И.Абдирбаев, С.И.Русских, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Нагизбаева Шолпан Такеновна, №15 мектеп-лицей медбикесі М.С...Аткельтирова қатысты. Жалпы  жарысқа 13 мектеп қатысты. Сайыс 7 этаптан тұрды.

Нәтижесінде:

І орын- №2 Абай атындағы мектеп- лицейі

ІІ орын- №2 мектеп интернаты

ІІІ орын - №10 орта мектеп

Қалған 10 мектеп әскери- спорттық сайысқа белсене қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.