Размер шрифта:

Қарағанды қаласында Жамбыл атындағы мамандырылған мектеп-интернаты Н.Қайырбаев атындағы VII облыстық дәстүрлі олимпиада

Қарағанды қаласында Жамбыл атындағы мамандырылған мектеп-интернаты  Н.Қайырбаев атындағы VII облыстық дәстүрлі олимпиада

2015 жылдың 28 наурызында Қарағанды қаласында Жамбыл атындағы мамандырылған мектеп-интернаты  Н.Қайырбаев атындағы VII облыстық қазақ мектептерінің 4 сынып пен 9 сынып оқушылары үшін математика пәні бойынша дәстүрлі олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты: математика ғылымын насихаттау; оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту; дарынды балаларды және талантты балаларды анықтау.  №15 мектеп-лицейінен 9 сыныптан 6 оқушы, 4 сыныптан 5 оқушы қатысты.  Осы олимпиадада өз қабілеттерін жоғары деңгейде көрсеткен мына оқушылар: 4А сынып оқушысы Рашатов Елдос, Кенжеғалым Бақытжан, 4 Ә сынып оқушысы Бурленова Амина қатысқандары үшін грамотамен марапатталды. 9 сынып оқушыларының арасынан Өзбеков Батырхан 2орынмен, ал Баянтаева Анель 3 орынмен марапатталды.