Мектепішілік «Балапан болып талпынып, Қияға қанат қағайын!» атты ән –өнері туралы ақпарат
![Мектепішілік «Балапан болып талпынып, Қияға қанат қағайын!» атты ән –өнері туралы ақпарат](/media/img/journal/55155daa13652.png)
27 наурыз күні оқушылардың көктемгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 4Ә сынып оқушысы Әлібай Мадинаның «Балапан болып талпынып, Қияға қанат қағайын!» атты ән –өнері өтті. Ьұл іс- шарада оқушылардың көктемгі демалысын тиімді де қызықты өткізу көзделді. Ән өнері бағдарламасында Әлібай Мадина өзінің 10 әнін айтып, көрермендердің ризашылығына бөленді. Сонымен қатар мектеп- лицейіміздің 4Ә сынып оқушылары көшбасшылықтарын таныта отырып бірі жүргізуші болса, бірі би- билеп өнерлерін көрсетті. «Жас өркен» баспасөз орталығының жас тілшілері Дузенова Жанерке мен Мұсағажы Алмат сынды оқушылар Мәдинаның өнеріне тәнті болып, өз арнауларын жыр- шумақтарымен айтты. Бұл іс- шараға 1-4 сынып оқушылары және ата- аналар, құрметті қонақтар, ұстаздар қауымы көзайым болды. Іс- шараның соңында мектеп- лицей директоры Дүбірбекова Қ.Ш. Мадинаға шығармашылық табыстар тілей отырып, «Отбасы- мектеп- ата- ана» ынтымақтастығында жұмыс жасап отырған Әлібай Мадинаның ата- анасы мен өнердегі жетекшісі Қалиева Н.Қ.-на алғыс хат табыс етті. Іс- шара өте тартымды өтті.