Мектепішілік «Балапан болып талпынып, Қияға қанат қағайын!» атты ән –өнері туралы ақпарат

Мектепішілік «Балапан болып талпынып, Қияға қанат қағайын!» атты ән –өнері туралы ақпарат

27 наурыз күні оқушылардың көктемгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 4Ә сынып оқушысы Әлібай Мадинаның «Балапан болып талпынып, Қияға қанат қағайын!» атты ән –өнері өтті. Ьұл іс- шарада оқушылардың көктемгі демалысын тиімді де қызықты өткізу көзделді. Ән өнері бағдарламасында Әлібай Мадина өзінің 10 әнін айтып, көрермендердің ризашылығына бөленді. Сонымен қатар мектеп- лицейіміздің 4Ә сынып оқушылары көшбасшылықтарын таныта отырып бірі жүргізуші болса, бірі би- билеп өнерлерін көрсетті. «Жас өркен» баспасөз орталығының жас тілшілері Дузенова Жанерке мен  Мұсағажы Алмат сынды оқушылар Мәдинаның өнеріне тәнті болып, өз арнауларын жыр- шумақтарымен  айтты. Бұл іс- шараға 1-4 сынып оқушылары және ата- аналар, құрметті қонақтар, ұстаздар қауымы  көзайым болды. Іс- шараның соңында мектеп- лицей директоры Дүбірбекова Қ.Ш. Мадинаға шығармашылық табыстар тілей отырып,  «Отбасы- мектеп- ата- ана» ынтымақтастығында жұмыс жасап отырған  Әлібай Мадинаның ата- анасы мен өнердегі жетекшісі Қалиева Н.Қ.-на алғыс хат табыс етті. Іс- шара өте тартымды өтті.