2014 жылдың 23-25 қазан аралығында Астана қаласында «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастырылуымен «Білім беру саясаты, тәжірибе мен зерттеу» атты VI Халықаралық конференция өтті.

2014 жылдың 23-25 қазан аралығында Астана қаласында «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастырылуымен «Білім беру саясаты, тәжірибе мен зерттеу» атты VI Халықаралық конференция өтті.

2014 жылдың 23-25 қазан аралығында Астана қаласында «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастырылуымен «Білім беру саясаты, тәжірибе мен зерттеу» атты VI Халықаралық конференцияөтті. Конференцияда білім беру процесінің барлық мәселелері жан-жақты қарастырылды. Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім кеңістігіне ену үшін жаңа білім жүйесі қалыптасып келеді. Бүгінгі ұлттық-мәдени құндылықтарды, білім негіздерін сақтау, сонымен қатар 21-ғасыр талаптарын ескере отырып, отандық білім жүйесін жаңа арнаға бағыттау аса маңызды. Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов «Қазақстандық білім беру: білім беру мазмұнын жаңартуға аса көңіл бөлу аудару» тақырыбында, «Назарбаев университеті» ДББҰ-ның ректоры Шигео Катсу «Қазақстанда біржылдық Foundation бағдарламасын енгізу» тақырыбында және «Назарбаев университеті» ДББҰ Басқарма Төрайымы  Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы «Мұғалімдердің зерттеулерін дамыту идеялары және стратегиялары» тақырыбында   баяндама оқыды. Сонымен қатар,  15 әлем  мемлекеттерінен білім саласының үздік қызметкерлері қатысты. Олардың ішінде, Ұлыбритания Кэмбридж университетінің білім беру факультетінің профессоры Дэвид Бриджес; АҚШ  Lehigh университеті, салыстырмалы және халықаралық білім беру бағдарламасының директоры, профессор Ивета Силова;  Франия,Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, білім беру бөлімінің талдаушысы Катарзина Кубацка, т.б. болды. Біздің Қарағанды облысы, Балқаш қаласы атынан VI Халықаралық конференцияға  «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ директоры Дубирбекова Карлыгаш Шакаримовна «Педагогикалық жоғарғы оқу орны және мектеп: стратегиялар бірлігі» атты 1.4 секциясының диалогтік алаңына «Мұғалімдік еңбек жолын бастау: проблемалар мен шешімдері» тақырыбында қатысып, тәжірибе алмасып қайтты. Баяндамада жас педагог мамандарды даярлау маңызы мен олардың білім беру жүйесіндегі жұмысы қарастырылды. Жан-жақты дамыған, жоғары білімі бар, көп тіл білетін шығармашыл мамандарды даярлау – заман талабы. Сондықтан болашақ педагог кадрларды мақсатты түрде даярлау жөніндегі жоғары оқу орындарының қызметін жетілдіру өте маңызды деген ұсынысын енгізді .