11.10-13.10.2014 күндері аралығында өтетін Халықаралық қыздар күніне орай өтетін іс-шараның ақпараты
11.10-13.10.2014 күндері аралығында өтетінХалықаралық қыздар күніне орай өтетін іс-шараның ақпараты.
Бұл мереке, 2012 жылы Біріккен Ұлттық Ұйымы жариялап, 11 қазанда аталып өтеді.
Дүние жүзінде қыздар күн сайын кемсітушілік пен зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл жағдайды өзгерту және қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге лайықты қарсы тұру үшін осы жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясы 11 қазанды Халықаралық қыздар күні деп жариялады.
Ақпараттық науқанның мақсаты- қыздардың бастан өткізетін әлеуметтік проблемаларға және теңсіздікке қоғамның назарын аударту, кемсітушулукпен зорлық- қомбылықтан, кәмелеттік жасқа дейін мәжбүрлі тұрмысқа шығуынан қорғау мәселелері , сонымен қатар, «Ерте және мүжбірлі некені алдын алу» мәселесе бойынша ақпараттану деңгейін арттыру.
11.10.2014 күні іс- шараның жоспары бекітіліп, жауапты тұлғалар таныстырылды. Осы күні мектептің І қабатында орналасқан теледидардан «Қазақ қыздарымен мақтанамын» тақырыбында 5,6,7 сынып оқушыларының дайындаған видеороликтері қойылды.
Іс- шара барысында 8-9 сынып оқушыларының ортасында Бақытқызы П.мен Серікбай Ж. мұғалімдердің ұйымдастыруымен 216 кабинетте «Менің өмірім, менің құқығым» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Кезекші сыныптар І ауысым бойынша 8А сыныбы, сынып жетекшісі Серикова Г., ІІ ауысым бойынша 5В сыныбы, сынып жетекшісі Аупешова А. Мектептің радио желісі арқылы «Қыз қылығымен көркем» тақырыбында құттықтау, ашық тілектер айтылды.
13.10.2014 күні әрбір сыныпта «Қоғамдағы қыз баланың рөлі» атты сынып сағаттары өз деңгейінде өтті.