Размер шрифта:

1- қыркүйек «Біз – еліміздің болашағымыз» тақырыбында өткен білім күні туралы ақпары

1-	қыркүйек «Біз – еліміздің болашағымыз» тақырыбында өткен білім күні туралы  ақпары

2014 жылдың 1 қыркүйегінде мектебімізде «Біз- еліміздің болашағымыз» атты  салтанатты жиын өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Жақсылыкова Саягүл Жақсылыққызы және «Балқаш қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ әдіскері Рахимов Фархат Маликович қатысты. Салатанатты жиынның құрметті қонақтары оқушыларды, ата-аналарды және педагогикалық ұжымды жаңа оқу жылымен құттықтап,  мектеп табалдырығын жаңа аттаған  бүлдіршіндерге  ақ жол тіледі.Мектебіміздің «Жас Ұлан» үгіт насихат тобы Қазақстан Республикасы Конституция күні, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысының аяқталуына 70 жыл толуы, ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы айтты.

Мектебіміздің үздік түлегі, оқушылардың көшбасшылар мектебінің жетекшісі Нұрасыл Камшат, оқу үздігі Орынбай Айзере, білім және өнер сайыстарында өзін көрсетіп жүрген мектеп оқушысы Жәрдем  Марғұлан да жас бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, бар білімнің бастауы «Әліппе» тапсырды.Жиынның қызықты да естен кетпес «қоңырау соғу салтанаты»  11 сынып оқушысы Слямхан Қуаныш пен 1 сынып оқушыларына берілді.  Алғашқы қоңырау соғылып, ән айтылып, би биленді.

«Білім күніне» арналған мереке сынып бөлмелеріндегі «Қазақстан жолы- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Мәңгілік ел – менің елімнің арманы», «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» тақырптарында  сынып сағаттары өткізілді.

2.09.2014 мектеп табалдырығын аттағалы отырған мектеп алды даярлық тобы бүлдіршіндері үшін салатантты жиын өткізілді. Жиында мектеп директоры бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ата-ана қауымдастығын жаңа оқу жэылымен құттықтады.