«Жаңалықтар әлемі-2014» жас зерттеушілердің облыстық форумы

«Жаңалықтар әлемі-2014» жас зерттеушілердің   облыстық форумы

28-29 мамыр күндері  Қарағанды облысының білім басқармасы, облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен Қарқаралы қаласында алғаш рет  «Жас дәурен» балалар лагерінде «Жаңалықтар әлемі-2014» жас зерттеушілер форумы өтті. Форумға   Қарағанды облысының 19 қала және ауданының жас өлкетану-зерттеушілері мен жетекшілері қатысты. Қарқаралы қаласында  «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында өткізілген   «Жаңалықтар әлемі-2014» жас зерттеушілердің  облыстық форумына  Балқаш қаласынан барған мектебіміздің «Балқаш толқындары» тобы  жүлделі І -орынды иеленді. Онда:  «Аймақтың үздік жолбасшысы»  - 10А сынып оқушысы Камшат Нұрасыл, «Үздік газет» мектепішілік «Жас өркен»  газетін тілшісі, 10А сынып оқушысы Абылайхан Өмірбаев «Үздік фотоальбом»  10А сынып оқушысы Толғанай Көшкінбаева, «Туған өлкенің үздік электрондық анықтамалығы – 9Б сынып оқушысы Асқар Мұқаш өздерінің дайындаған ізденіс жұмыстарын  жоғарғы дәрежеде көрсете білді.