Жаратылыстану – математика апталығының аясында 2014 жылдың 8 сәуірі «Математика» күні болып белгіленді.
Жаратылыстану – математика апталығының аясында 2014 жылдың 8 сәуірі «Математика» күні болып белгіленді. Бұл күн математика пәнінің мұғалімдері Тусупова Н.Д. және Малгаждарова А.И. 9 сынып оқушыларынан функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында Activote бағдарламасы арқылы тест алудан бастады.
Жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Садвокасова А.Т. 7 сыныптардан құралған «Дарындылар» гомогендік тобында «Үшбұрыштар» тақырыбына «Қызықты геометрия» презентациялық сабағын жоғары деңгейде өткізді.
Мектепте тәлімгер Джакупова З.А.-ның коучингтері мен сабақтарына қатыса отырып, тәлімалушы ретінде алған білімді практикамен ұштастыру мақсатында жас маман Ахметова Д.Д. 8 сыныпта «Үшбұрыштардың ауданы» атты ашық сабақ өткізді.
5-6 сынып оқушыларына арналған «Ғылым таппай мақтанба» жас математиктер ғылыми - практикалық конференциясы өтті. Конференция мақсаты: оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа, ізденпаздыққа баулу.
Келесі өткізілген іс-шара 5 сыныптардағы «Бәрін білгім келеді!» математиктер сайысы. Оқушылар үлкен қызығушылықпен тапсырмаларға жауап берді, сайыс өте қызықты, тартымды болып өтті.
6 В сыныбы математика пәнінің мұғалімі Малгаждарова А.И. бастауымен «Сандар патшалығына» саяхатқа шығып, сандардың құпияларымен танысты.
Жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Үсенбекова С.Ү. ұйымдастыруымен 6А және 6Ә сыныптардың арасында «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» жарыс сабағы өтті.