12-ақпан күні біздің мектеп «Өрлеу» біліктілік арттырудың ұлттық орталығы

12-ақпан күні  біздің мектеп  «Өрлеу» біліктілік арттырудың ұлттық орталығы АҚ филиалы Қарағанды облыстық педагог қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Ресурстық орталықтардағы педагогикалық үдеріске қашықтықтан оқыту технологиясын енгізу тәжірибелері» тақырыбында он-лайн семинарына қатысты. Бұл семинарға облыстық ресурстық орталықтарынан  6 педагог өздерінің қашықтықтан оқыту технологияларын қолданудағы іс-тәжірибелерімен пікір алмасты. Он-лайн семинарға облыстық ОӘО директорының кеңесшісі, профессор  Контаев С.С. қатысты.