Размер шрифта:

Kazakhstan's Way - 2050: A common goal, common interests, common future

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен терезесін теңестіріп, иығын тірестірген болашағы кемел елге айналды. Елбасы мен халықтың қол жеткізген жеңісі мен жемісі – әлем назарында. Ал осы жетістікке жетудің кепілі Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауындағы «Қазақстан - 2050» – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан», - деген  ұлы сөздері ел ертеңіне, ұлт болашағының жарқын болашағына, әр жүрегі қазақ деп соққан азамат өзінің үлес қосып, тәуелсіздігімздің айбынын асқақ, тұғырын биік етуі керек.

Жолдаудың әрбір тарауына мұқият мән берсек, жастарымызға зор міндет жүктелгенін аңғарамыз. Президентіміз еліміздегі өскелең ұрпақты бүгінгі заман талабына сай еңбек етуге, білім алуға, түрлі жаңашылдықтарды жете қабылдап, сараптама жасауға және соның барлығын өз Отаны үшін жұмсауға шақырды. Осы міндеттерді орындау үшін Ұлт көшбасшысы өзінің сарабдал саясатының басым бағыттарының бірі ретінде «алдымыздағы 3 жылда мектеп  жетіспеушілігін жойып, білім ордаларын  мү мкіндігінше екі ауысымға ауыстыру керек»-деді. Себебі еліміздегі әрбір азамат бәсекеге қабілетті болуы -басты шартқа айналғаны абзал. Егер кез келген қазақстандық басқа елдердің азаматтарымен өз  білімі бойынша тең ой таластыруға жараса, онда мемлекетіміздің шоқтығы одан бетер арта түседі.

Президент «қазақ қазақпен қазақша сөйлесу керектігін» тағы да сөз етті. Бұған дейінгі Жолдауларында да мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру турасында мәселе қойған. Бүгінгі таңда ана тіліміздің өркен жаюына демеу көрсетілуде, Үкімет деңгейіндегі жаңа бағдарламалар қабылданып, көптеген шаралар қолға алынуда. Елбасы қолдаудың жалғаса беретіндігін алға тартты. Ұлттың ең басты байлығы болып саналатын қазақ тіліне әрбір қазақстандық құрметпен қарауы қажеттігін ескертті. Елбасының дәстүрлі бүгінгі жолдауында «Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», - деп дөп басып айтты.

Жүзден астам ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп отырған ортақ Отанымыз - Қазақстанда барлық диаспоралардың өкілдеріне салт-дәстүрлерін жандандыруға, өткен тарихтарын түгендеуге жағдайлар жасалған. Бір шаңырақтың астында ұлттар достығын жаһанға мойындату, керек десеңіз, мемлекеттік тілдің төңірегіне тұтас елді топтастыру идеясын жүзеге асыру - шын патриоттың қолынан ғана келетін іс. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген. Ендеше қазақ халқы бірлігін көрсетуі керек.

Қазақстанның бүгінгі күнде алдына қойған  мақсатын нақты айқындағын бүгінгі жолдауында Елбасы « елімізді дамыған 30 елдің арасына енгізу. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы. Ел тарихында біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті болып танылады. Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырғанын бәріміз білеміз. Қайталап жатудың қажеті жоқ. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандастарымыздың жүрегінде еліне деген шексіз мақтаныш сезімін ояттық. Қазақстандықтар ертеңіне, елдің болашағына сеніммен қарайтын болды» - деген еді. Осы мақсатта Ұлт көшбасшысыПрезидент Әкімшілігіне, Үкіметке және Қазақстан Халқы Ассамблеясына «Мәңгілік Ел» стратегиялық актісін әзірлеуді тапсырғанын естідік. «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол, - деді Мемлекет басшысы бүгін халыққа кезекті Жолдауын арнау барысында.

Мәңгілік Ел болу - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді.  

Ендігі міндет – Елбасы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында жұмыла еңбек ету үшін негізгі міндеттер мен құндылықтардың 10 бағытын анықтап берді. Олар: патриотизм, инновация, геология, ауыл шаруашылығы, ғылым, өңірлердің дамуы, транспорт, энергетика, шағын және орта кәсіпкерлікті жандандыру, экономика моделі.