Размер шрифта:

«SERPIN WAY» атты ауқымды кәсіптік бағдар кездесуі

«SERPIN WAY» атты ауқымды кәсіптік бағдар кездесуі
Мектеп-лицейдің 11 сынып оқушылары мен ата-аналарына М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті бастамасымен «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында «SERPIN WAY» атты ауқымды кәсіптік бағдар кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға жоғары оқу орны туралы жан-жақты мәлімет берілді. Университеттің білім беру бағдарламалары, факультеттері, мамандық түрлері және оқу мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Талапкерлерге грантқа түсу жолдары, ҰБТ нәтижесінің маңыздылығы және құжат тапсыру кезеңдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Университеттің халықаралық байланыстары мен академиялық ұтқырлық бағдарламалары айтылып, студенттердің шетелде білім алу мүмкіндіктері де түсіндірілді.
Кездесу соңында оқушылар, ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.