Балқаштағы 5 мектеп командасы STEAM-жобаларды іске асыруға грант ұтып алды!
Балқаш қаласы тағы да жас зерттеушілер мен сарапшылардың бас қосу мекеніне айналды. 700-ден астам қатысушының басын қосқан екінші «Balkhash STEAM Serpini: Science Day» фестивалі жоғары деңгейде өтті.
15 мектептен келген 19 команда экоинжиниринг, AgroSTEAM, робототехника және деректерді өңдеу бағыттары бойынша өз идеяларын қорғады. Нәтижесінде бес үздік команда «Balkhash STEAM Serpini» жобасынан 1,5 млн теңгеден грант иеленді:
«№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «EcoPulse: мектеп ортасының цифрлық мониторингі» жобасы
«№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Жасыл Оазис» STEAM-лабораториясы: топырақты регенерациялау және тұрақты көгалдандыру» жобасы
«Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ, «TamshyLife» жобасы
«Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ, «Автономды күн электр қуатымен жабдықтау және тамшылатып суару элементтері бар Smart-жылыжай» жобасы
«№12 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Smart Greenhouse» жобасы
Улан Усенов, Гульнара Салмен, Пакизат Сайлаубекова сынды танымал қонақтар оқушыларға шабыт беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Геймификация форматында өткен фестивальде қатысушылар Telegram-бот көмегімен бекеттерден өтіп, «Балқаш болашағының» жобасын сызды.
Жас ғалымдарды құттықтаймыз! Жұмыс нәтижесін оқу жылының соңында бағалайтын боламыз
Дата: 1.04.2026, 17:44 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі