Үлкенге қарап бой түзе: Мен қандай азамат болғым келеді?
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында “ Мұрагер” ағалар мектебі,
“Серілер” ұлдар клубының қатысуымен «Үлкенге қарап бой түзе: Мен қандай азамат болғым келеді?»тақырыбында 4”А”, 4”Б” ұл балаларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
- Ұл балаларды ер азаматтық қасиеттерге баулу;
- Үлкен сынып оқушыларын үлгі ретінде көрсету;
- Кіші оқушылардың ойын ашық айтуына мүмкіндік беру;
- Жауапкершілік, тәртіп, еңбек, білім туралы түсінік қалыптастыру;
- Оқушылардың бойында үлкенді құрметтеу, ағаның ақылын тыңдау, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Дөңгелек үстелде заң мен тәртіптің адам өміріндегі маңызын, үлкенді сыйлау мен ағаның ақылын тыңдаудың нағыз азамат болудағы рөлін бірге талқыланды. Оқушылардың әрқайсысы бір ой, бір түйін, бір жақсы әдет алып қайтты деп сенеміз.
Дата: 1.04.2026, 16:59 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі