Әлихан Бөкейханұлының 157 жылдығына орай "Бабаңнан сенен не қалды,айтпайсың ба сен оны" тақырыбында тікелей ұрпағы ардақты ұстаз ана Әниша Жасымбекқызының қызы Құралай Маратқызымен кездесу өткізілді.
Сүйінші! Әлихан бабамыздың емен ағашынан жасаған құнды жәдігерін Әниша Жасымбекқызының қызы Құралай Маратқызы мектеп-лицей мұражайына табыстады.
06.03.2023 күні
мектеп-лицейімізде Әлихан Бөкейханұлының 157 жылдығына орай "Бабаңнан сенен не қалды,айтпайсың ба сен оны" тақырыбында тікелей ұрпағы ардақты ұстаз ана Әниша Жасымбекқызының қызы Құралай Маратқызымен кездесу өткізілді.
Мақсаты: өскелең ұрпаққа Әлихан бабамыздың қолымен жасалған құнды жәдігердің тарихымен таныстыру.
Кездесуге 8-9 сынып оқушылары қатысып, сұрақтар қойып, Алаш арыстарының ел тағдыры жолындағы ойларымен бөлістіКездесуді мектеп-лицей басшысы Айгүл Төкенқызы қорытындылап, осы жәдігерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізген Әниша апайының аманатын орындайтынын және келешек ұрпақтың көз қарашығындай сақтайтынына сенім білдірді. Құрметті қонағымыз естелік альбомына қолтаңбасын қалдырып, суретке түсіп, Әлихан бюстіне гүл шоқтарын қойды.