"Бала еңбегін қанау түрлерімен күрес" тақырыбымен құқықтық сағат болып өтті


15.02.2023жыл
Құқықтық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес 10сыныпта "Бала еңбегін қанау түрлерімен күрес" тақырыбымен құқықтық сағат болып өтті
Мақсаты:Халықаралық Конвенция мен Қазақстан Республикасының заңы негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру;
Әр топтың спикерлері Ерғали Камила,Мұрат Нұртілеу,Уланова Тоғжан,Аманжол Шұғыла QR код арқылы тапсырма алып,инспекторлармен бірге орындады
"Түнгі клуб" спектаклінен үзінді көре отырып, балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы өз ойларын ортаға салды,қорытындылады

Пән мұғалімі Асемханова Г.Б болашақ заңгерлер мен инспекторлар ролін ойнаған оқушыларға алғыс айтты