1.12.2022ж «Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында «Қыз Жібек» қыздар клубының отырысы болып өтті.

1.12.2022ж «Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында «Қыз Жібек» қыздар клубының отырысы болып өтті.
1.12.2022ж
«Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында «Қыз Жібек» қыздар клубының отырысы болып өтті. Отырысқа 8-10 сыныптың қыз балалары қатысты.
Іс шараның арнайы қонақтары - мектеп-лицейдің «Парасат» әжелер, аналар мектебінің мүшесі кәсіпкер, дәрігер-ана - Максутова Мариянна Манаровна және кәсіпкер ана, дизайнер - Айгерім Сұлтанқызы, сонымен қатар руханият жанашыры, қалалық «Мерейлі отбасы» отбасылық байқауының жеңімпазы, асыл ана, аяулы әже - Башарова Гүлнар Тайкенқызы болды.
Көп балалы ана, дәрігер маман ретінде Мариянна Манаровна қыз балаларға қажетті жеке гигиена, бойжету кезіндегі организмдегі өзгерістер, жаман қылықтардан аулақ болу сынды қажетті кеңестерін айтты. Дизайнер ана Айгерім Сұлтанқызы қыз баланың икемді, ізденімпаз, алтын уақытты тиімді пайдалануы, қыз қылығымен бірге бойына сегіз қырлы, бір сырлы өнерді жинауы қажеттігін түсіндірді. Гүлнар Тайкенқызы қыз балаларға ұлттық болмысты бойларына тұмар етіп, қызға қырық үйден тыюдың бүгінгі күнге қатаң қажеттігін баса жеткізді.
Қыз бала тәрбиесі жөнінде көптеген құнды пікірлер айтылып, ашық әңгіме өрілді.