Мектеп-лицейде дәстүрлі «Даналықтың бейсенбісі» жобасымен «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
7.09.2022ж
Мектеп-лицейде дәстүрлі «Даналықтың бейсенбісі» жобасымен «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға мектеп-лицей Парламент мүшелері және «Әлихан Бөкейханов» қоғамдық қорының төрағасы, тіл жанашыры Махмұт Сәдуақасұлы Жарылғап қатысты.
Тіл мерекесі, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл толу мерейтойына арналған онкүндік аясында ұйымдастырылған Даналықтың бейсенбісінде мектеп-лицейдің көшбасшы, белсенді оқушыларымен - Тәуелсіздік тірегінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы,Тіл мәртебесінің болашағы - жас буынға аманат екендігі сынды мәйекті ой пікірлер айтылды.
Дата: 12.09.2022, 21:08 Автор: Школа - лицей №15 имени Алихана Букейханова