“Балақайлар мектебі” курсының бесінші күні

“Балақайлар мектебі” курсының бесінші күні

19.08.2022ж.
“Балақайлар мектебі” курсының бесінші күнінде оқушылар
тілдің грамматикалық құрлымын қалыптастыруға негізделген «Қызықты сәт» бейнебаянды қызықтап, дыбыс туралы білімдерін еске түсірді.
Жаңаны тануға негіздеме ретінде «Ой ашар» әдісі арқылы ертегіні тыңдап, талқылау жүргізді.
“Талдай біл!” жаттығуы арқылы сөзге дыбыстық талдау жасау арқылы алған білімдерін тиянақтады.
Сонымен қатар “Есте сақта!”, “Заңдылықты анықта”, “Тапқыр болсаң тауып көр!” ойындары арқылы көру, есту, есте сақтауға арналған түрлі логикалық тапсырмалар орындап, ойын барысында аса белсенділік танытып, сабақ соңында кері байланыс жасады.