"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"ұлттық ақпараттық науқаны

10.06.2022 жыл
"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"ұлттық ақпараттық науқаны аясында 10 сыныптар арасында "Бақытты балалық шақ"тақырыбымен тренинг болып өтті.
Мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екенін түсіне отырып,бақытты өмір сүру адамның өз қолында екенін түсінуге тәрбиелеу;
"Көңіл күй","Бақыт гүлі", "Менің таңбам","Менің күнім"жаттығулары арқылы әр оқушы өзінің көңіл күй,сезім эмоциялық саналы басқару қабілетін дамытты,өз ойын жеткізу арқылы,өз көзқарасын танытты.Барлық қатысқан оқушылар танымдық сабақтан үлкен әсер алып,әр бала бақытты болуға лайықты екенін сезінгендерін білдіріп,сынып жетекшілері : Асемханова Г.Б,Тусупова Н.Д рахметін айтты.