«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»
2022 жылғы 1 – 12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»
Ұлттық ақпараттық науқанын (ҰАН) ұйымдастыру және өткізу
Науқан ұраны: «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ»
Ақпараттық науқан мақсаты: бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару;
Ақпараттық науқан міндеттері: Еліміздің барлық өңірінде бала еңбегі проблемаларын БАҚ-та жариялау үшін журналисттерді тарту; бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамның, үлкендер мен балаларды қосқанда ақпараттандыруды арттыру;
Ақпараттық науқанның мақсатты тобы: ата-аналар (заңды өкілдер), балалар, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары;
Ақпараттық науқан қатысушылары: облыстың білім, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, еңбек инспекциясы бойынша, полиция департаменті, әкімдіктер, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, ҮЕҰ, БАҚ;
Күтілетін нәтижелер: қоғамның балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ бала еңбегінің ең нашар түрлеріне тап болған жағдайда балаларға көмек көрсету түрлері туралы ақпараттылық деңгейін арттыру; балалардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметке ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды қатыстыруды жандандыру.