«31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні»
ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шеккен құрбандарды еске алу мақсатында «31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. Тарихтағы бұл қаралы күн Қазақстанның тұңғыш президентінің жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтуде.
31.05.2022 күні мектеп-лицей педагогтері мен оқушылары саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының құрметіне бас иіп, гүл шоғын қойып, үнсіздік минутымен дәріптеді.
Қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсету – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы!
Дата: 6.06.2022, 10:35 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі