Размер шрифта:

«Оқырмандар аллеясы» залы

«Оқырмандар аллеясы» залы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, көркем шығармалар, әлем әдебиетінің жазушыларының шығармаларынан рухани нәр алу.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.
Мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылында ашылған «Coworking» орталығы тек қана кітап оқитын алаң ғана емес, бос уақытты тиімді өткізетін жобалар жазып, конференцияларға дайындалып, шығармашылықпен айналысатын заман талабына сай жабдықталған орынға айналуда.
«2022 жыл – Балалар жылы» аясында мектеп-лицейімізде «Оқырмандар аллеясы» залы ашылды.
Оқушылар қоңырауда, мектептен тыс бос уақытты бірге өткізіп, кітап оқып қана қоймай, көптеген қызықты іс-шараларға: акциялар, мерекелер, кездесулер, шеберлік кластар, зияткерлік ойындар ұйымдастырып, өткізеді.