"Кәсіби бағдар", Психологиялық қызмет" және кітапхана "Оқуға құштар мектеп" жобасы
Мектеп-лицейімізде 09.03.2022 жылы қалалық дәстүрлі «Мектеп күні» өтті. Шара барысында "Кәсіби бағдар", Психологиялық қызмет" және кітапхана "Оқуға құштар мектеп" жобасының жұмыстары байқау ережесінің талаптарына сай сараланды.
фБірінші бөлім бойынша "Кәсіби бағдар" кабинетінде және "Кәсіптік бағдар галереясында" директордың кәсіби білім беру жұмысы жөніндегі орынбасары Мағза Берлібек Балтабекұлы осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарға, мамандықтар туралы виртуалды ақпараттарға тоқталып өтті. Қонақтар заман талабына сай жаңартылған тұрғыдағы алдағы 2030-2040 жылдарда болатын "Мамандықтар әлемінде" ақпараттық бөлімінде ақпараттар алды.
Екінші бөлімде педагог-психологтар өз кабинеттерін қонақтарға таныстырып өтті.
Педагог- психолог кабинетінің мақсаты-тәрбие- білім беру процесінің барлық қатысушыларына психологиялық қолдау көрсетудің практикалық мәселелерін шешу.
Міндеттерді орындау мақсатында кабинет үш зонаға бөлінген: консультациялық, коррекциялық-дамытушылық, жұмыс зонасы. Оқушылармен арттерапия, құм терапиясы, музыка терапиясы, ертегі терапиясымен жұмыс жасауға арналған коррекциялық жиынтықтар жасалған.
Келесі бөлімде, «Оқырмандар аллеясы»#оқуғақұштармектеп, залында кітапхана жұмысы, кітаптың адамзат өмірінде орны жайлы кітапхана кеңесі мүшелері 2 «А» - Ерланқызы Кәусар, 2 «Г» - Нұрлыбек Ерсін, Рашидұлы Мұса, 3 «Ә» - Өмірғалы Нұрәлі, Тұяқ Нұрсұлтан, Айдосов Ерали, 3 «Б» - Мұсабек Алдияр, Хасейн Аят, оқушылары айтып өтсе, қазіргі таңда кітапханадағы «Коворкинг» орталығын коммуникативтік алаңға айналғандығын, бірге жұмыс істеу, бірге кітап оқу бүгінгі күн талабы екенін 2 «В» - Қасен Санжар, Қайырберлі Нұрасыл, Көсемғалы Алихан, 2 «Ә» - Сәрсенбек Аңсар, 2 «Г» - Мұқажан Мирас, 2 «А» - Самғат Мұса, 3 «В» - Сармантай Нұртас тебіреніспен жеткізе білді. «Жас өркен» жастар медиасының жас тілшілері 7 «А» - Тұяқ Ақмырза, Қожахметова Нұрайлым, 8 «А» - Бекетова Мадина, 7 «Ә» - Кәрібек Жеңіс келген қонақтардан сұхбат алды.
Дата: 19.05.2022, 9:36 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі