«Туған өлкем-тұнған шежіре» атты кездесуі
23.04.2022 күні жергілікті ақын, сазгер , журналист Қуандық Мақсұтұлы Саденовпен «Отырар» Шаңырақ тобы 10а,6ә,2в сынып оқушыларының «Туған өлкем-тұнған шежіре» атты кездесуі өтті.
Кездесу Балқаш қаласының 85 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар Ару Балқашымыз туралы жазылған өлеңдерді оқып, Қуандық Мақсұтұлының «Ару Балқаш, әнім менің» атты әсем әуенді, сырлы сазын орындап, «Аңсаған әнім арманым», «Көктем суреттері», «Киелісің домбыра» атты өлеңдерін оқыды.
Ақын өзінің шығармашылық жолына калай келгенін, жазған өлеңдерінің тарихтарына тоқталып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, ақыл кеңестерімен бөлісті.
Іс -шара қаламыздың 80 жылдық мерейтойына арналған әнұранды орындаумен аяқталды.