“Қаржы әлемі” қаржылық сауаттылық апталығының ашылу салтанатты саптық жиыны
14.02.2022 күні “Зейін” жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен өткізілетін “Қаржы әлемі” қаржылық сауаттылық апталығының ашылу салтанатты саптық жиынын қаламыздың табысты кәсіпкері, “Өркен” сыйлығының жеңімпазы - Даданбаев Шыңғыс Серікболұлының құттықтау сөзімен ашылды. Оқушыларды апталықтың ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында оқушыларға “Ұлттық валютамыз - теңге” тарихы туралы бейнесюжет, “Қаржының негізгі 5 қызметі” жайлы 7 “ә” және 7 “в” сынып оқушыларының үгіт-насихат тобы өздерінің видеоларын ұсынды.
Апталық барысында өткізілетін іс-шара жоспары қатысушыларға таныстырылды.
Дата: 14.03.2022, 21:48 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі