«Мектеп ережесі - ішкі тәртіптің кепілі» тақырыбында құқықтық лектория

«Мектеп ережесі - ішкі тәртіптің кепілі» тақырыбында құқықтық лектория

10.02.2022 ж
«Құқықтық сауаттылық» апталығы аясында 5-7 сыныптар арасында С.К. Буденова мен С.С. Искакованың ұйымдастыруымен «Мектеп ережесі - ішкі тәртіптің кепілі» тақырыбында құқықтық лектория өткізілді.
Мақсаты: Оқушылар бойына құқықтық сана, құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Мектеп – лицей ережесін сақтай отырып, ұйымшылдыққа, достыққа баулу.
Оқушылар мектеп ережесі, ішкі тәртіп, дене шынықтыру сабақтары кезінде қауіпсіздік талаптары, спорттық форманың маңызы туралы өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын айтып, кері байланыс жасады.