Размер шрифта:

Құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында оқушылармен онлайн кездесу

Құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында оқушылармен онлайн кездесу

10.02.2022 күні құқықтық навигатор апталығы аясында Балқаш қаласының прокуратурасының прокуроры Қуанышбеков Д. құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында оқушылармен онлайн кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

Прокурор бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу керек екендігін атап өтті.

Оқушылар кері байланыс ретінде өздерін қызықтыратын заң жөнінде сұрақтарын қойды.