Құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында оқушылармен онлайн кездесу
![Құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында оқушылармен онлайн кездесу](/media/img/journal/622efb9a65cba.jpg)
10.02.2022 күні құқықтық навигатор апталығы аясында Балқаш қаласының прокуратурасының прокуроры Қуанышбеков Д. құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында оқушылармен онлайн кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
Прокурор бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу керек екендігін атап өтті.
Оқушылар кері байланыс ретінде өздерін қызықтыратын заң жөнінде сұрақтарын қойды.
Дата: 14.03.2022, 14:27 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі