Размер шрифта:

«Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан тарихшы әрі географ»

«Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан тарихшы әрі географ»

24.02.22 күні «Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан тарихшы әрі географ» атты тақырыбында офлайн форматта 8-11 сыныптарда даналық бейсенбісі болып өтті.
Қазақ халқының тұрмыс- тіршілігін, мəдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, жалпы алғанда əлеуметтік- экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген энциклопедист-ғалым, зерттеуші. Əлихан Нұрмұхамедұлының еңбектерінен қазақ халқының экономикасына, тарихына, мəдениетіне, шаруашылығына қатысты түрлі деректерді, сандық мəліметтерді, кестелерді жəне тағы басқа көптеген материалдарды пайдалану арқылы Қазақстан тарихына және географ ретінде мектеп-лицей оқушылары зерттеуге қосқан үлесін білді.
Әлихан Бөкейханов өзінің саналы өмірін қазақ халқының бостандығы мен саяси дербестігі үшін күреске арнады. Оның отандық ғылымды дамытуға қосқан үлесі де орасан. Әлихан Бөкейхан артында бай мұра қалдырды. Оның мыңнан астам мақалалары, очерктері мен жазбалары, Қазақстан тарихы, антропология, егіншілік, мал шаруашылығы, әдебиет және басқа да білім салалары бойынша іргелі ғылыми еңбектері бар.