«Құқық және мораль» тақырыбында

«Құқық және мораль» тақырыбында

09.02.2022 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-де «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Құқық және мораль» тақырыбында «Әлихан мұрагерлері» пікірсайыс клубының аға буыны, 10-11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Американдық парламенттік форматындағы (АПФ) мектеп-лицейішілік пікірсайыс турнирінің финалдық кезеңі өтті.



Турнирдің мақсаты: Оқушылар арасында құқықтық сауаттылық дағдыларын, ораторлық қабілет, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін дамыту арқылы зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін қалыптастыру.

Турнирге 7-11 сыныптардан құралған 4 команда құрамында 8 оқушы белсенді қатысты:
Тұрсынбек Еркежан 7 «б» сыныбы;
Айтқазы Даяна 7 «в» сыныбы;
Габдулманат Мирас 7 «в» сыныбы;
Амиртаева Анель 9 «б» сыныбы;
Абылкаирова Жанель 10 «а» сыныбы;
Бағдат Әліби 11 «а» сыныбы;
Жанабеков Дарын 11 «ә» сыныбы;
Кошанова Айымжан 11 «ә» сыныбы.

Екі раундқа жалғасқан, АПФ форматындағы финалдық ойындар нәтижесінде:

I орынды:
Габдулманат Мирас 7 «в» сыныбы;
Кошанова Айымжан 11 «ә» сыныбы;

II орынды:
Айтқазы Даяна 7 «в» сыныбы;
Бағдат Әліби 11 «а» сыныбы;

III орынды:
Амиртаева Анель 9 «б» сыныбы;
Абылкаирова Жанель 10 «а» сыныбы иеленді.

Американдық парламенттік формат (АПФ) – бұл парламенттік сипаттағы дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттерге негізделген пікірсайыс форматы. Екі ойыншыдан тұратын Үкімет және Оппозиция тараптары ұсынылған қарарды талқылайды. Пікірсайыс барысын палата спикері басқарады.
Американдық парламенттік формат проблеманың аспектілерін зерттеп, факт жинауға және мәселеге сыни көзқараспен қарауға, логикалық дәйектемеге, сонымен қатар сараптамалық талдауға негізделген.