«Шынықсан шымыр боларсың» атты эстафеталық ойын
04.01.2022ж күні Қарағанды облысы білім басқармасы және оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Таңшуақ» шағын орталығында дене шынықтыру нұсқаушысы Искакова.С.С және «Раушан» топ тәрбиешісі Тлеубекова.Г.Е. топ балаларына «Шынықсан шымыр боларсың» атты эстафеталық ойын өтті.
Балалар жас ерекшелігіне сай эстафеталық ойын тапсырмасын орындады.
Атап өтсек:
1-ші эстафета «Заттар арасында жыланды жүру».
2-ші эстафета «Нысанаға тигізу».
3-ші эстафеталық «Мұнара тұрғызу».
4-ші эстафеталық «Секірткішпен жүгіру».
5-ші эстафета «Допты беру».
Мақсаты:
Балалардың дене қасиеттерін дамыту (ептілік, жылдамдық, төзімділік, үйлестіру, тепе-теңдік, дәлдік, көз). Балаларда салауатты өмір салтына деген қажеттілікті қалыптастыру.
Натижесінде: эстафеталық ойында «Достық» женді. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар беріледі.