Размер шрифта:

"Пифагор" зияткерлік ойыны өткізілді.

26.01.22 күні математика сауаттылық апталығы аясында 4 сынып оқушылары арасында Zoom платформасында "Пифагор" зияткерлік ойыны өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Зияткерлік ойын 2 кезеңнен тұрды.
І кезең. Сиқырлы ұяшықтар
ІІ кезең. Кім жылдам?
Оқушылар әр ұяшықтағы ұпай санына сай берілген есептерге белсенді жауап беріп, шапшаңдықпен шеше білді.
Қорытынды:
І орын: 4 "Ә" Серік Мирас (120 ұпай)
ІІ орын: 4 "А" Қайырберлі Нұргелді (90 ұпай)
ІІІ орын: 4 "А" Акимжанова Адина (80 ұпай)