Жаратылыстану- математика бағытындағы пәндерді үштілде беру жобасы
2.12.2021 ж.
Жаратылыстану- математика бағытындағы пәндерді үштілде беру жобасы аясында ағылшын тілінде термин сөздерді қолдана отырып төмендегі пеагогтер сабақ өткізгендігін хабарлаймыз.
1. Макенбаева Г.Ж, физика пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: «Кристалл және аморф денелер. Қатты денелердің механикалық қасиеттері», 10 А сыныбы.
2. Бакыткызы П., биология пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау. Зертханалық жұмыс. №5 "Ауксиннің өсімдіктерге әсерін зерттеу», 9Б сыныбы.
Сабақ барысында Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскерлері, Бектұрғанова А.,О., Айнабекова К.К. және облыстық шығармашылық топтың екі өкілі қатысты.
Сабақ мұғалім мен оқушылардың 100% ағылшын тілінің термин сөздерін қолданумен өтті. Оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдері пайдалана отырып, тапсырмалар орындау барысында интернет платформалардың www.liveworksheet, www.quizlet.com т.б тиімділігі және оқылым, жазылым, айтылым дағдылары арқылы бекіту тапсырмаларымен қорытындыланды.