И.Ж.Жуматова «LESSON STUDY-САБАҚТАҒЫ ЗЕРТТЕУ - МЕКТЕПТІ ЖАҚСАРТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ» тақырыбында іс-тәжірибемен бөлісті.

И.Ж.Жуматова «LESSON STUDY-САБАҚТАҒЫ ЗЕРТТЕУ - МЕКТЕПТІ ЖАҚСАРТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ» тақырыбында іс-тәжірибемен бөлісті.

6 желтоқсан 2021 күні Қазақстанда Сабақты зерттеу жобасын (Lesson Study Kazakhstan) іске асыратын білім беру ұйымдары мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырумен «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» аймақтық ғылыми- практикалық конференция өтті.
Конференцияның 3-ші алаңында мектеп-лицей директоры К.Ш.Дубирбекова мен директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары И.Ж.Жуматова «LESSON STUDY-САБАҚТАҒЫ ЗЕРТТЕУ - МЕКТЕПТІ ЖАҚСАРТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ» тақырыбында іс-тәжірибемен бөлісті.
«Жарқын белес» мұғалімдерінің кәсіби- шығармашылық қоғамдастығы жұмысының зерттеу жұмыстарына жүйелі тоқталды.
Lesson Study өткізу барысында шығармашылық топ мұғалімдері өздерінің күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын анықтау үшін қолданады. Оқушылардың іс-әрекеттерін бақылау арқылы оларда кездескен қиындықтардың себебін анықтап, сауалнама жүргізу, сабақты жоспарлау, жоспарды талқылап, талдау және зерттеу жұмыстары бойынша жинақталған іс-тәжірибелермен бөлісті.
Lesson study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Бұл тәсіл оқушыға сапалы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған «ұстаздар шеберханасы» деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.
Аймақтық ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде мазмұнды өтті. Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырушылары мен спикерлерге алғыс айта отырып, шығармашылық табыс тілейміз.