9 Б сыныбында « Вейп – денсаулыққа қауіпті » тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Желтоқсанның 6 шы жұлдызында 9 Б сыныбында « Вейп – денсаулыққа қауіпті» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты : Салауатты өмірді дәріптеу, зиянды әдеттерден сақтану . Сабақтың басында оқушылар берілген сөздерден мәтін құрап , тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатын анықтады. Оқушыларға бүгінде күнде ағзаға зиянсыз деп айтылған электронды темекі, керісінше, денсаулыққа өте қауіпті өнім болып табылады және адам ағзасында түрлі ауыр ауруларды тудыратынын , яғни, электронды темекі шегу процесінде никотин, хош иісті, тәтті дәмі бар басқа да химиялық заттар ағзаға зиянды әсер есері түсіндірілді.
Сонымен қатар, электронды темекі шегу (вейп), әдеттегі темекі сияқты, өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларын, иммунитетті әлсіретеді.Бұл өнім орталық жүйке жүйесіне теріс әсер етіп, темекі шегушілердің тәуелділігін тудырады. Дәрігерлер мұндай пациенттерге COVID-19 инфекциясы тыныс алу, иммундық және жүрек-қан тамыр функциялары бұзылған адамдарда ауыр екенін ескере отырып, электронды темекіні пайдаланбауға кеңес береді.