ҰҰ моделі форматындағы (Model United Nations, MUN) дебат турнирі
05.11.2021 күні «Күз кереметтері» іс-шаралар жоспарына сәйкес, оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп-лицейде БҰҰ моделі форматындағы (Model United Nations, MUN) дебат турнирі өткізілді.
БҰҰ моделі форматы (MUN) – бұл ғылыми конференция мен рөлдік ойынның синтезі негізінде құрылатын дебаттың ерекше форматы. MUN форматында студенттер мен жоғарғы сыныптың оқушылары БҰҰ ұйымы органдарының жұмысын атқара отырып, дипломатиялық, көшбасшылық, ораторлық және тілдік дағдыларды меңгереді.
Турнир екі саммит-конференция бойынша өтті:
1. Климаттық конференция. Күн тәртібінде қаралған резолюция – Климаттың өзгеруі және оның әлемдік қауіпсіздік үшін ықтимал зардаптары.
2. Қауіпсіздік конференциясы. Күн тәртібінде қаралған резолюция – Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті және тұрақтылықты сақтау.
Үлкен жиырмалыққа (G20) мүше жетекші мемлекеттердің (The Group of Twenty, major advanced and emerging economies) өкілдері ретінде «Әлихан мұрагерлері» дебат клубының жетекшілері мен 9-11 сыныптың оқушылары белсене қатысты:
Бас хатшы – Мағза Б.Б., директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары;
Төраға – Бейсембай С.С., тарих пәнінің мұғалімі;
АҚШ делегаты – Қасқабайұлы Ә., тарих пәнінің мұғалімі;
РФ делегаты – Бағдат Әліби, 11«А» сыныбы;
ҚХР делегаты – Жанабеков Дарын, 11«Ә» сыныбы;
Ұлыбритания делегаты – Айтказин Данияр, 11«А» сыныбы;
ГФР делегаты – Амангелдіқызы Дамиля, 10«Ә» сыныбы;
Франция делегаты – Қалық Жанерке, 10«А» сыныбы;
Италия делегаты – Төлеухан Алуа, 9«А» сыныбы;
Канада делегаты – Таханов Сұңқар, 9«Ә» сыныбы;
Түркия делегаты – Көрпетай Ертай, 10«Ә» сыныбы;
Жапония делегаты – Әмен Әлібек, 9«Ә» сыныбы.
Турнир нәтижесінде:
I орынды – 11«А» сынып оқушысы Айтказин Данияр;
II орынды – 10«Ә» сынып оқушысы Амангелдіқызы Дамиля;
III орынды – 9«А» сынып оқушысы Төлеухан Алуа;
«Үздік спикер» номинациясын 11«А» сынып оқушысы Бағдат Әліби иеленді.