«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы

Қараша айының 1-5 күндері аралығында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Zoom платформасында Күзгі мектеп аясында дінтану мұғалімдеріне арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын өткізуде. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Философия және психология факультетінің мамандары дін тарихы мен философиясы , дін психологиясы мен феноменологиясы және дінтанудың тағы басқа да салаларын қарастырып, фундаменталды білімге негізделген теорияларды, сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу шаралары бойынша дәріс оқыды. Облыс бойынша 200-ге тарта педагогтер қамтылған курсқа мектеп-лицейіміздің тарих пәні мұғалімдері – Асемханова Г.Б. және Бейсембай С.С. қатысып, кәсіби шеберлігін арттыруда.