Размер шрифта:

«Мектепалды даярлық тәрбиеленушілерінің сөйлеу тілін дамыту әдістері мен тәсілдері»

«Мектепалды даярлық тәрбиеленушілерінің сөйлеу тілін дамыту әдістері мен тәсілдері»

02.11.2021 ж. күні «Күзгі мектеп-2021» мектеп-лицейшілік негізгі пәндер бойынша білім алудағы олқылықтардың орынын толтыру бойынша құзіреттілік мектебі аясында мектепалды даярлық кафедра жетекшісі: С.С. Мукашбекова «Мектепалды даярлық тәрбиеленушілерінің сөйлеу тілін дамыту әдістері мен тәсілдері» тақырыбында өз іс-тәжірбиесімен бөлісті. Мақсаты: Балалармен сөздік жұмысын жүргізу арқылы, айналасындағы заттармен таныстырып, оның атын дұрыс атай білуге, белесенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге, тілдің дағдылары мен біліктерін, тілдік бірліктерді еркін және орынды қолдануды қалыптастыру.
Семинарда балалардың дыбыстарды дұрыс айту, сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту және байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бойынша замануи әдіс- тәсілдермен бөлісті. Сөйлеу тілін дамыту барысында «Нейро жаттығулар», «Графамоторика», «Мнемокесте», «Еста сақта, қайтала», «Шатасқан сөздер», «Ұқсас сөздер», «Ұшқыш әріптер», «Сағат» сияқты әдіс- тәсілдерін сабақ барысында тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Педагогтар баланың ұсақ- қол моторикасына, қимыл- қозғалыс белсенділігіне арналған жаңаша тәсілдерімен танысып, педагогикалық қоржындарын толықтырды.