Размер шрифта:

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚУАТТЫ КҮШІ.

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚУАТТЫ КҮШІ.

2021 жылдың 22-қыркүйек күні 10-11 сынып оқушыларымен Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресі жөніндегі орталығы Балқаш қаласы бойынша бөлім басшысы Токметов Данияр Мукатаевичпен "Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден" тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.
Кездесу барысында оқушылардың салауатты өмір сүре білу, СПИД-тің адам ағзасына зияндылығын көрсету, солардың салдарынан туатын аурулардың алдын алу туралы маман кеңесі берілді. Оқушылар бейнекөрініс арқылы және мектеп-лицей медбикесі М.С.Аткельтирова ұсынған ережелермен танысып, өз көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.