"Тәуелсіздік жетістіктері"

1.09.2021 күні Білім күніне орай мектеп-лицейдің 2-11 сыныптарында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті. Оқушылар тарихқа көз жүгіртіп, еліміздің жарқын жетістіктері баяндалды.
Туған елінің болашағына белсенді араласуға міндеттімін деп есептейтін саналы азамат тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған ашық тәрбие сағаттары негізінде оқушылардың ұлттық рухы мен елжандылық сезімін қалыптастырды.