«Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн»
1-12 маусым аралығында Қазақстанда «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтеді.
Науқан ұраны: «Еңбек еңбегін пайдалануға жол жоқ»
Ақпараттық науқан мақсаты: бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару;
Ақпараттық науқан міндеттері: Еліміздің барлық өңірінде бала еңбегі проблемаларын БАҚ-та жариялау үшін журналисттерді тарту; бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамның, үлкендер мен балаларды қосқанда ақпараттандыруды арттыру;
Дата: 5.06.2021, 10:13 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі