"Бастауыш сыныпта оқушыларға көбейту кестесін үйретудің жəне жаттаудың тиімді əдіс-тəсілдері"
✅2021 жылдың 21 мамыры күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-əдістемелік орталығының облыстық "Бірге оқимыз" жобасы аясында «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінің» бастауыш сынып мұғалімі Койшина Г.М "Бастауыш сыныпта оқушыларға көбейту кестесін үйретудің жəне жаттаудың тиімді əдіс-тəсілдері" тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. 9 санын саусақтың көмегімен көбейту, «Флеш - карта "Сиқырлы билеттер" ойыны, "Kahoot" ойыны; "Мотивация əдісі", "Қиын емес, оңай" əдісітерін сабақ барысында тиімді қолданып, оң нәтиже бергенін ортаға салды.
Дата: 31.05.2021, 11:15 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі