«DIGITAL TEACHER»
Қарағанды облысының педагогтеріне арналған «DIGITAL TEACHER» білім беру хакатон 26-28 сәуір аралығында информатика, робототехника мұғалімдеріне арналған «DIGITAL TEACHER» білім беру хакатоны өтті. Білім беру саласында АКТ пайдалануды насихаттау, жаңа технологияларды қолданатын мұғалімнің имиджін қалыптастыру және жас белсенді IT-әзірлеушілерді анықтау мақсатында өткізілді. Байқауға қатысушылар үшін 4 кейс әзірленді. Мектеп-лицейіміздің информатика пәні мұғалімдері Э.К. Айтимбетова, Д.Б. Абрасыл, Д.Ж. Бексұлтан «Онлайн мектеп» кейс бойынша топқа тіркеліп, нәтижесінде «Онлайн мектеп» кейс тобы 2 орынды иеленді.
Дата: 12.05.2021, 9:35 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі